Bugin

Бәріне қол жетімді медицина

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ  Шымкент қаласы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал)  2021 жылдың қазан   айында  121 денсаулық сақтау субъектісімен (2020 ж-107)  тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын   түзеді, оның ішінде 88  (72,7%) жекеменшік денсаулық сақтау субъектісі.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемін  (бұдан әрі - ТМККК) орналастыру рәсімін филиалдың қызметкерлерінен басқа,  қалалық  денсаулық сақтау басқармасының, кәсіпкерлер палатасының, медициналық қызметкерлер  кәсіподағының  және де басқа мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінен құрылған  аймақтық комиссия жүргізді.  ТМККК  шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына  (бұдан әрі – Дерекқор) енгізілген  денсаулық сақтау субъектілеріне орналастырылды.

2021 жылдың басына 117 медициналық мекемемен келісім-шарттар жасалды.

2021 жылдың 01 қазанға  медициналық қызмет көрсету үшін 121  медициналық ұйыммен шарт жасалды.

Филиал ТМККК  шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын  үнемі өзектендіріп  тұрады.

Бүгінгі  таңда  2021 жылдың  тамыз  айында көрсетілген қызметтер бойынша ақы төлеу жұмыстары аяқталды.

Филиал тұрақты негізде көрсетілетін медициналық қызметтердің көлеміне, сапасына мониторинг жүргізеді, көлемдерді болжамдайды, егер де медициналық көмектің кейбір түрлеріне тұтыну жоғарласа өзге қаражат көздерінен алынып, қайта бөліске салынады, сонымен қатар мүмкіндігінше қосымша қаражат бөлінуді қарастырады, бірақ, бұл  жерде Қордың мүмкіндігі шектеулі.

Қаржыны қайта бөліске салу үшін денсаулық сақтау субъектілері Қорға өтінімдерді заңда белгіленген тәртіппен  жолдайды.

 

 

Құралбек С.Р.

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру

қоры» КЕАҚ  Шымкент қаласы бойынша

филиал директоры                 

 

 

 

А.С. Беден

«Міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» КЕАҚ

 Шымкент қаласы бойынша

 филиалының, «Халықты ақпараттандыру

және арыз-шағымдарды қарау»

бөлімінің басшысы